Episodes
-
EQ - кішкене түсініксіз ұғым. Эмоционалды интеллект, эмоциялық интеллект, эмоциональный интеллект деген не? Біз осы сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Адам өзін таныса да өз эмоциясын танымағаны қалай? Оның салдары мен себептері неде? Эмоционал адамдар өз сезімін басқара ала ма? Ол қабілетті қайтып дамытады?
Бұл санда біз өзіңді толыққанды танудың маңызы жайлы сөйлесейік деп шештік. Мінезіңді біліп, эмоцияны басқару пайдасын атап өттік. Бірақ оны басқаруға бола ма? Адамның эмоциясын қай кезде ақтап, қай кезде даттап алуға болатынын да тілге тиек еттік.
Кейде сезімге шектеу қойып, робот болуымыз мүмкін. Кейде тас біткендей болып, ішті жібіте алмай жатамыз. Осының бәріне ат беріп, іштегі түсініксіз сезім үшін ат тергеу пайдасын да айттық. Қысқасы, әдеттегідей қызық санымызды ұсынамыз!Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!
Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram
-
Кішкентайында "өскенде білесің" дегенді көп естіген екі баланың өсу жайлы эпизоды. Есею мен ер жету деген не? Ересектік қалай келеді? Қай жасты алқымдағанда шашу шашқан Ересек өмір қарсы алады? Бізге де мұның бәрі түсініксіз болған. Бірақ қазір түсіндік. Ересек өмірдің кемшіліктері мен артықшылықтарын талдап тастадық. Артықшылықтарын табу үшін біраз ойландық енді. Бірақ таптық. Сіздерді қағанаттандырар, қызықтырар, ал кейде еліктіріп әкететіндей эпизод шықты. Айтпақшы, әдеттегідей шынайы әңгіме мен қызықты оқиғаға толы. Есею - өмір бойы жүретін процесс. Әр кезеңді өткен кезде адам қиналатыны, қиналып болған соң күлетіні мен сол кезеңге асығатыны жайлы білесіз бе? Біз осы ойды өрбіттік. Есею тек жас емес, ол тәжірибе мен өзіңді қайта таразылау, іздену, қабылдау әрі түсіну. Ересек өмірдегі жауапкершіліктің де жөні бөлек екенін ұмытпайық. Есеюге ынтық, сол процестен қиналып немесе бір кезеңді алқымдаған әр жанға қызық болар санымызды қабыл алыңыз.Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер! 💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын. Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram
-
Missing episodes?
-
Тақырыптан қорқып қалмаңыздар, бұл пайдалы эпизод. Түйме басталғанда қамқор, жылы әрі эмпатияға қабілетті қауымдастық құрғымыз келген. Ал түпкі мақсатымыз осы.
Өлім деген не? Ол адамға қалай әсер етеді? Қайғыны бастан кешкен адамды қалай қолдай аламыз? Жалпы, қолдау керек пе өзі?
Адамға ең қатты әсер ететін эмоциялардың бірі - қайғы. Жақынын жоғалтқан адамның өмірі қалай өзгеріп, нендей қажеттіліктері болатыны жайлы талқылап, талдап, пайдалы кеңестерді дайындап қойдық.
Біз бұл құбылысты қабылдау жайлы сөйлесіп, сарапшымен ақылдасып шықтық. Өзінің көмегін көрсеткен Асель Садуға алғыс білдіреміз. Тақырып ауыр болған соң әуелі психологпен сөйлесіп, содан кейін өзіміздің бағамызды бердік. Сол себепті бұл сан әдеттегіден өзгеше.
Өлім өмірдің соңы ма? Бәлкім бөлігі шығар? Мұны қалай қабылдаймыз? Ал қабылдау деген не?
Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.
Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram
-
Егер сіз көмек пен қолдау сұрап қана келетін адамдардан құлазып, достарыңызды жұбатамын деп шаршасаңыз, онда құттықтаймыз! Сіз эмоционалды қызметкерсіз!Эмоционалды қызмет чету деген не? Оны кім және не үшін көрсетеді? Сыпайылықтан айырмашылығы мен адамға әсері қандай? Ал салдары ше?Біз осы жайлы әрі эмоционалды қызмет етудің қанша қатынасқа балта шапқаны жайлы сөйлестік.Эмоционалды қызмет көрсетудің түрлері мен формалары көп. Оны достарға да көрсету жақсы, тек бәрі өз уақытында, ресурстар тоғысқанда болуы керек. Бұл эпизод осы жайлы. Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram
-
Комплимент дегеннің не екенін білесіз бе? Харассмент деген не? Ал токсик комплимент ше? Бұлардың айырмашылықтары қандай? Адам адамды не үшін мақтайды? Біз осы жайлы сөйлестік, дауластық, бір ойға келмедік.
Адам адамды себепсіз мақтайды. Ал кейде арам оймен мақтайды. Біз осыны алға тартып комплимент тақырыбының түбін тестік. Дастан мен Заңғардың бастарынан өткен сәтті не сәтсіз комплимент айтылған жайттар өте көп екен. Қандай оқиға десеңіздер, тыңдап шығыңыздар!
Комплиментті қалай қабыл алу керек? Ал айтқанда нені ескерген жөн? Біреудің көңіліне тимей, шабыт берер, іш жылытар жылы сөздің сыры қандай? Осыншама сұрақтың бәрі бір жарты сағаттық эптзодымызда бар. Тыңдап, баға беріңіздер!💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram
-
Біз көп сын айтамыз әрі көп естиміз. Десе де кейде сын сындырып жатады. Түйменің жаңа маусымында бұл тақырыпты да таразылағымыз келді.
Адамды дұрыс сынау, сындырмау, жандыру мен сын қабылдау қалай жүреді? Бұл санда сіздер жылататын сын мен жымитатын сын айырмашылығын біле аласыдар. Егер нақты көмек керек десеңіз, онда біздің формуламызды қолданыңыз. Қандай? тыңдаңыз. Дастан мен Заңғардың қызық әңгімелері мен пайдалы кеңестерінің жаңа легін қабыл алыңыздар! Құрметті Түйме тыңдарманы, біз оралдық! Күткеніңізге, адалдығыңызға рақмет! Біз қуат жинап, сағынып қайта келдік. Бұл санның сарыны басқа, вайбы бөлек! Сол үшін тыңдап болған соң бағалап не қолдап кетіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram
-
Біз өсек айтқанды жақсы көреміз. Еш қысылмай айта аламыз. Бірақ оны жаман деп кім айтты?
Түйменің жаңа маусымын осы тақырыптан бастадық. Жалпы, кез келген затты өсек дей аламыз ба? Өсек деген не өзі? Адамдар не үшін адамдарды өсектейді?
Бұл санда сіздер осы сауалдарға жауап тауып қана қоймай, өсек айту ережелері жайлы біраз нәрсе біле аласыздар. Оның пайдасы деген бөлек әңгіме ғой. Ол туралы да айтып кеттік.
Құрметті Түйме тыңдарманы, біз оралдық! Күткеніңізге, адалдығыңызға рақмет! Біз қуат жинап, сағынып қайта келдік. Бұл санның сарыны басқа, вайбы бөлек! Сол үшін тыңдап болған соң бағалап не қолдап кетіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.
Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram
-
Қыста тыңдармандарымызбен кездесіп керемет бір кеш жасағанбыз. Дастан да, Заңғар да біреумен жүріп қарық болмаған соң қонақтардан ақыл сұрадық. Бізге керемет оқыларын айтып, пікір бөліскен Мөлдір мен Диана ханымдарға рақмет!
Бұл сан ұзағырақ, қызығырақ әрі ерекше. Қыз бен жігіт арасындағы шекралар қандай? Олар қашан жойылады? Үшінші тарап болуы шарт па? Менікі бітіп, оныкі басталатын жер қайда? Қатынасты қалай залалсыз үзуге болады? Махаббат деген не? Бір жарым сағат түйін мен күлкіге толы әңгімемізді естіңіздер!
Қатынастағы құрбандықтар мен оның нәтижесі жайлы пайдалы әрі осы маусымдағы соңғы санымызға назар аударып, бір не бірнеше мәрте тыңдап шығыңыздар!
Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді қаржылай қолдай аласыз!
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет! Instagram Telegram
-
Паническая атака деген сөзді естігенсіз бе? Үрей шабуылы, паникалық шабуыл - қалай атасақ та дүйім жұртқа түсініксіз ұғым. Түйменің осы санындк Заңғар мен Дастан бұл ұғымға анықтама беруге тырысты. Оның шығу себептері мен күресу жолдары жайлы көп сөйлесті. Арамызда ақыл айтар Маржан деген психолог та бар.
Үрей мен үрей шабуылының айырмашылығы неде? Ол неден пайда болады? Паникалық шабуыл басталса, өзіңе әрі өзгеге қалай көмектесе аласың? Ес жиюға көмектесер жаттығулар не құралдар бар ма? Біздің үрей шабуылы жайлы санымызды тыңдап, бір түйін алып шығыңыз. Екі жүргізушінің өмірлі оқиғаларының өнімді сұлбасы осы эпизодта.
Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді қаржылай қолдай аласыз!
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет! Instagram Telegram
-
Өміріміз не болып кетті өзі? Түңіліп кеткендейсіз. Депрессия ме? Әлде күю ме екен? Бұл эпизодта біз маңызды жайт жайлы сөз қозғадық. Депрессияның не екенін анықтау үшін біраз ойландық. Бұл жолы бізге сарапшы досымыз Маржан көмекке келді. Маржан - психолог. Ол ментал денсаулыққа қатысты өзінің сарапшы пікірін айтты.
Бұл санда сіздер депрессия деген не? Оның пайда болу себептері мен емдеу жолы не екенін біле аласыздар. Ал депрессияның эмоционал күюден айырмашылығы неде? Ал апатияның оған қатысы қандай? Депрессия романтизациясы мен қоғам құнсыздандыруы жайлы қызық санды тыңдап шығыңыз. Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді қаржылай қолдай аласыз!
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram Telegram
-
Жаңа жыл алды көңіл күйіңіз қалай? Біздің бұл қосымша санымызда Түйме тағдыры мен өз өміріміз жайлы сөйлестік. Табысқа толы есептерден көз ала алмай, кейде көре алмай жүрген адамдар болса, онда сіз жалғыз емессіз! Жылды қорытындылап, күшіңіз таусылса, ол қалыпты жағдай. Жаңа жылға артық үміт артпау да қалыпты жайғдай. Күйген адамдардың есебі мен қызыққа толы қорытындысына құлақ салыңыз.
Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді қаржылай қолдай аласыз!
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.ё
Бар болғаныңызға рақмет! Instagram Telegram
-
Даму жайлы көп естіген шығарсыз? Кешегіден мықтырақ болу үшін 1040 курстан өтіп, өзгеріс үшін таң шапағатын оқыған да шығарсыз. Дегенмен тұлғалық даму деген әдеттен кең ұғым.
Жаңа санымызда осы ұғымды саралаймыз. Күнделікті өзгерістер мен елілеп артқан түсінікті талдаймыз. Түйменің бұл санында тұлға ретінде дамуға көмектесер тәсілдер туралы біле аласыздар.
РефлЕксия, эмоционалды интеллект, адамдарды қабылдау деген не? Оның дұрыс жолдары бар ма? Абзалы қайсы?
Өнімді саралау мен іштегі қызғаныш, психолог жетегінде кеткен жандар үшін күйініш пен даму тренді жайлы тірі әңгімеге құлақ асыңыздар!
Түйменің жаңа санын тыңдауға асығыңыз! Тыңдап болған соң бағалап не қолдап кетіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram -
Жаңа ортаға сіңісу оңай ма? Үйреніп, бейімделу үшін не істеуге болады? Түйменің жаңа санында Заңғар мен Дастан әлеуметтену тақырыбын талқылады. Бұл санда не біле аласыздар? 🔹 Әлеуметтену деген не? 🔹 Оның қандай кезеңдері бар? 🔹 Ортаға тезірек бейімделу үшін не істеген жөн? 🔹 Small talk деген не? 🔹 Адамдармен қоштасу амалдары қандай? Біздің өміріміздегі қайта-қайта орнайтын процесс осы - адамдарға үйрену. Бір ортаға бауыр басқанда екіншісіне сіңу керек боп жатады. Оның үстіне әр жердегі кейпіміз де әртүрлі болады. Бұл санда оның қалыпты не қалыпсыз екендігін талдадық. Сіздерге қызық болар. Адамдар, олармен қатынас орнату мен оны үзу сынды заттарды білгіңіз келсе, тыңдаңыз. Ал біз қуанамыз.
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram -
Бұл эпизод тым ерекше. Түйме жүргізушілері отбасы қолдауы жайлы пайымдап, рефлексия жасаған сан.
Жан жалаңаштаған соң шығарамыз ба, жоқ па деп ұзааақ ойландық. Түсінгендеріңіздей, сіздермен сыр бөлістік.
Өсе келе өмірімізге орасан зор ықпал еткен адамдар - отбасы екенін ұқтық. Сол отбасының қолдауы мен қолпаштауы жайлы сөйлестік.
Отбасы қолдауы неден басталады? Қалай орнап жатады? Түрлері бар ма? Өзі түрлене ме? Есейгенде қалай қабылдауға болады?
Әр адамның тәжірибесі де, өмірі де әртүрлі екені анық. Бұл санда Заңғар мен Дастан сол жолда түйген түйіндерін түймелеп шықты.
Жылы сөздер мен ыстық естеліктерге сүңгіп, өз өміріңізбен салыстырып өтерсіз. Бұл санда анық айтар бір ғана ой бар. Оны тыңдаған соң түсінерсіздер.
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram -
Кішкентай кезімізден бойымызға сіңіп қалған бір түсінік бар. Сол түсінікті талдауға тырыстық. Түйменің бұл санында жұрттың баласы кім/не екенін, оның пайдасы мен зияны не екенін біле аласыздар. Тек қызық зат айтайық.
Бұл эпизодты жазу үшін Заңғар мен Дастан Алматы марафонына қатысып, жүгіріп шықты. Аяқты шаршатқан қадамнфң да мәні бар. Оны осы санды тыңдаған соң біле аласыз. Салыстыру мәдениеті, құнсыздандыру, бойға сіңген “жұрттың баласы” синдромы, одан арылу, оның жүгі мен өмірге ықпалы жайлы талқылаған терең эпизод шықты. Мектептен басталған “сәйгүліктер жарысының” салдары қандай? Ол пайдалы ма? Нендей залалы бар? Даму жолында көмектесе ме? Заңғар не үшін моншаға барудан қысылады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін тездетіп тыңдаңыздар! Ал Дастан мен Заңғарға сыйлық жасап, туған күнмен құттықтағыңыз келгсе, мына реквизит бойынша кез келген сома аудара аласыз!)
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram Telegram
-
Жақында Түйме авторларының туған күні. Атаулы күн алдындағы уайым мен жайсыз күй, туған күндегі сезім мен одан кейінгі өмір - осы санның басты тақырыбы.
Жаңа жасқа қатысты мақсат қойып, қорытынды жасау деген не? Ал туған күн иесіне бөлінетін назар ше?
Чаттағы смс-тен шаршаған не түн ортасындағы қоңыраудан үрейленген адамдардың жаны тынышталатын өмірлі жайттар жайлы сөйлестік.
Жылына бір рет келер күннің қандай артықшылығы бар? Өмірлік еркелігіңізді көрсетер сәт осы ма? Туған күнде жасалатын нендей дәстүрлеріміз бар? Оның қуатқа қатысы қандай?
Түйменің жаңа санында осы сауалдардың жауабы бар.
Ал Дастан мен Заңғарға сыйлық жасап, туған күнмен құттықтағыңыз келгсе, мына реквизит бойынша кез келген сома аудара аласыз!)
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram
-
Біз оралдық! Асыға күткен әр жан алдына сүрініп жүгіріп шықтық. Түйменің жаңа маусымда Заңғар мен Дастан көп сұрақтың жауабын іздемек. Соларлың алғашқысы - демалыс мәселесі.
Үш апта еңсеріп, рақаттанып демалып келдік. Күш қайнап жатыр. Ал енді сол күшті осы эпизодқа жұмсадық.
Демалыс деген не?
Оның пайдасы мен ережесі де бар ма? Тынығу үшін не істеген жөн? Ақпараттық детокс деген не?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын екінші маусымның алғашқы санында біле аласыз! Күлкі де аз емес. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бізге Айнель ханым (Oy-detox подкасты) көмек қолын созды. Ол кісі де өз кеңесін беретін санды өткізіп алмаңыз!
Айтпақшы, бұл санды бағалап, таратсаңыз, біздің үздік атануымызға көмектесе аласыз!
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Пысы. Бізді қолдаймын десеңіздер, ақпаратты төмендегі парақшалардан біле аласыздар.
Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram -
Күніне неше смс жазасыз? Жұмыс барысында жазылатын бір сөйлемдік хаттар саны неше?
Біз бұл эпизодта іскерлік қатынаста КҮЙДІРЕТІН хаттар жайлы сөйлестік. Хаттар дегенде хабарламалар жайлы айтамыз. Қазір адамға хат жазғанда )) қоймасаң ыңғайсызданасың, бірақ капслокпен жазатындар саны азаяр емес.
Бұл эпизод күлкілі әрі пайдалы. Хабар алысу әдебі, хат жазысу мәнері мен қоңырау шалу уақыты (спойлер: ешқашан) жайлы көп сөйлестік.
Әріппен эмоционалды күйін көрсете алатын адамдар мен оны түсінетін адамдар туралы эпизод десек дұрысырақ.
Кейде артық нүктенің азабы көп болады. Кейде бір рет шалынған қоңырау бар абыройыңды төгеді. Оның аражігін қалай ажыратса болады? Осы эпизодтың басты қызығы - жұмыстағы сау қатынас (хат алмасудағы)
Instagram
Telegram
-
Әзіл - кез келген қарым-қатынастың таптырмас бөлігі. Ол арқылы адамдар достасады, табысады, бірақ кейде ренжіседі.
Арқамыз қозғанда шек білмей артық кетер кездеріміз сирек болмайтыны өкінішті. Заңғар мен Дастан Түйменің қосымша санында осы құбылысты талқылады.
Подкаст демалыста болғанымен сіздерді жаңа эпизодсыз қалдыра алмадық. Әдеттегіден қысқа санымызда айтылған заттардың мәні барынша зор.
Әзілдеймін деп артық кеткен адамдар, ортаның гүлі болам дем мазақтайтын жандар мен қой дегенді білмейтін азаматтар тыңдауға міндетті сан.
Сіз тыңдап, өз ойыңыз бен алып-қосар затыңызды әдеттегідей телеграмда жазыңыз!
А сосын мына санды таратсаңыз, әзілқойларға ашуыңызды астарлап жеткізе аласыз!
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Құлаққап дайын болса, play-ді басыңыз!
Instagram
Telegram
-
Бұл табу тақырыпты талдайтынымыз әлдеқашан анықталған еді. Бірақ біз жыныстық қатынас емес, ол туралы ҚАЛАЙ, КІММЕН және ҚАЙ ЖАҒДАЙДА СӨЙЛЕСПЕУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫЗ.
Бұл жыныстық сауат ашу емес, интим тақырыпты байыппен талқылау жайлы эпизод.
Заңғар мен Дастан оқыған мектеп пен өскен ортасындағы қателер қандай? Не үшін Заңғар жыныстық қатынас тақырыбын талдамайды, әрі секс сөзін ұнатпайды? Дастан өз тәжірибесі жайлы өтірік алдағаны рас па? Ал бұл тақырыпты қозғаудағы жауапкершілік деген не?
Иә, бұны талдау мен талқылау ауыр болғаны анық. Бірақ біз көп пайдалы түйме шығарып, біраз заттың бетін аша алдық. Этикет пен сырласу арасындағы кішкентай шекараны асып-аспау жайлы сөйлескен санымызды тыңдаңыз!
Біз қыз бен жігіт арасындағы қатынасты емес, ол қатынасты әңгіме ету жайлы көбірек сөйлестік. Туыстардың абырой төгуі мен бізден кішілердің денсаулығын сақтау амалдары жайлы да сөз еттік. Қысқасы, жасқанатын да, жасыратын да зат аз, сол үшін тездетіп тыңдап қойыңыз! Пікіріңізді қалдырып, өз қызық оқиғаңызбен бөлісіңіз!
Ал кеттік!
Пысы. Сәлем жолдаған адамдар, сәлемімізді қабыл алдыңыз ба?
Instagram
Telegram
- Show more