Episódios

  • OY-DETOX қонағы - Жанар Байсеміз, журналист, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы. Эпизодта біз "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақы тәрбие, жетім балалар ұғымдарының салмағы, кәрі қыздар мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі туралы да ой қозғадық.

  • 8 Наурыз - Халықаралы әйелдер күні қарсаңында фембелсенділер Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Албанмен кездесіп, олардың гүл орнына неге митинг қалайтынын сұрадым. Жалпы, әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша?Бір айта кететіні, биылғы митинг болашағы белгісіз. Былтырдан бері фембелсенділер әкімдікке әйелдер шеруін өткізуге рұқсат алу үшін оннан астам өтінім жіберіпті, бірақ мерекеге санаулы күн қалса да әлі ала алмай келеді. Осы ретте, Айгерім және Мөлдірмен әкімдіктің шеруден қорқу себебі, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік, саясаттағы әйелдердің репрезентациясы мен миедиадағы феминистердің образы туралы біраз әңгіме өрбіттік. Көріп, тыңдап, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Таймкод:00:00 - аңдатпа00:46 - кіріспе, қонақтарды таныстыру02:00 - әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша?04:40 - жұмыс тобында қанша адам жұмыс істейді?06:08 - күрес VS мейрам. Күресудің қажеттілігі қанша?11:54 - Феминизм деген не?17:38 - Қазақстандағы феминизм портреті, шеру қатысушылары мен географиясы 26:52 - биылғы шеру ұраны мен жағдайы30:00 - медиа алаңдағы репрезентация, саяси шешімдерге әсер ету мүмкіндігі, өнер адамдары мен депутаттармен жұмыс51:31 - феминизм туралы ақпарат беретін кино, кітап, медиа тізімі Эпизодты YouTube арнамнан тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw8Marchkz инстаграмы - https://www.instagram.com/8marchkz?igsh=MXR4bWxvaGM3azlreg==Айгерім Құсайынқызының инстаграмы - https://www.instagram.com/kussaiynkyzy?igsh=dGR0NjBsank1MTd3 Мөлдір Албанның инстаграмы - https://www.instagram.com/moldiralban?igsh=MTdxOW5ibGlzeGR3 Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

  • Estão a faltar episódios?

    Clique aqui para atualizar o feed.

  • "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабының таныстырылы аясында Астанада да талқы өткізген болатынбыз. Талқыға қонақ ретінде әріптестерім Перизат Мырзахмет, Елдар Құдайбергенді шақырып, Бақытгүл Салыхова спикерлердің бірі, ал мен модаретор болдым.

    Біз қарапайым подкаст деген не, подкастер деген кім деген сұрақтан бастап, оның формасы, мән-мағынасы туралы ой толғадық. Сұрақ қойып, белсенді болған барша аудитория мүшелеріне алғыс білдіремін.Бақытгүл Салыхова инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/bakytgulsalykhova/ Әйнел Әмірхан инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Alqa Publishing инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/alqa_publishing/
    “атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА” кітабын танымал подкастерлер Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан жазып, қалың көпшілік назарына Alqa Publishing баспа үйімен серіктестікте ұсынды. Кітапты Kaspi дүкеннен сатып алуға болады https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/

  • OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік. Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам тынысы тарылып келеді деген пікірді алға тартады. Осы ретте, петицияларды қабылдаудағы өзгерістер, шетел ұйымдардан грант алатын ұйымдар мен тұлғалардың тізімі, жаңа "Масс-медиа" туралы заң жобасы азаматтық қоғамның жағдайына әсер ете ме деген сұрақ аясында ойлар қамтылды. Таймкод:00:00 - аңдатпа00:32 - кіріспе және қонақты таныстыру02:23 - Үкіметтік емес ұйымда (ҮЕҰ) кімдер жұмыс істейді?03:18 - ФЕЦА деген не?06:20 - ҮЕҰ қызметі, "иноагент" ұғымы және оның қоғамға әсері13:33 - ФЕЦА қандай жобаларға қолдау көрсетеді? 27:35 - "Сіздің дауысыңыз маңызды" жобасы, цифрлық сауат, саяси шешімдер мен ондағы әйелдер мен жастардың үлес салмағы47:58 - петициядағы өзгеріс пен оның қоғамға әсері51:04 - шабыт беретін кино, кітаптар мен замандастар58:34 - "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабы туралыЭпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=wHOXsZrTNGo ФЕЦА инстаграмы - https://www.instagram.com/efca_kz/ Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainelKaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

  • Арал сапарында жазып алған екінші эпизодым. Эпизод қонағы - Назерке Маратқызы, "Толқын" Арал аудандық газетінің тілшісі, "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің қызметкері. Сондай-ақ, Назерке 90 000 астам жазылушысы бар YouTube арнаның авторы.

    Біз Назеркемен аймақтағы гендерлік теңдік мәселесі, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан бастап, YouTube арқылы пайда табу, "ене мен келін" жағдайы, қоғамдық жұмыстың жеке басқа әсері туралы да талқыладық.

    Назеркенің YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@NAZERKE.94

    "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/

    Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/

    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

  • Жуырда "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен Қызылорда өңірі, Арал қаласына іссапармен барып, әріптесім Бақытгүл Салыховамен бірге "Адвокация және коммуникация негіздері" бойынша бір күндік тренинг оқып қайттық. Келгенімізді пайдаланып, "Тасадағы әйелдер" жобасын түсіріп, подкастымның екі эпизодын жазып алдық. Ал бүгін назарларыңызға "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ибраимова Лаура Қолғанатқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмын.

    Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай? Өңірде қандай проблемалалар бар? "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігі қандай мәселелермен айналысады?

    Осы және бұдан да өзге сұрақтарға жауаптарды подкаст эпизодынан таба аласыздар.

    "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/

    Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/

    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

  • OY-DETOX қонағы - Айна Задабек, PR және тіл маманы.

    Айнамен жылы эпизодымызды міндетті түрде тыңдаңыздар! Маған ерекше ұнаған, іштей қажып жүрген өзім үшін дер кезінде болған әңгіме болды.

    Қазақ тілі туралы сөйлесуден не үшін шаршамауымыз керек? Тәуелсіздік пен тіл қатар жүретін ұғым ба? Тіл үйрену лайфхактары қандай? Қазақ тіліне жетпейтін не: саяси жігер не адами жігер?

    Осы және өзге де сұрақтар аясындағы біздің қызықты ой-талқымызды тыңдап, өз пікіріңізді ортаға салыңыздар.

    Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94

    Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/

    Айнаның инстаграмы - https://www.instagram.com/aina_zadabek/

    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

  • OY-DETOX қонағы - Асқар Ақшабаев, 1fit негізін қалаушылардың бірі. 1fit - Қазақстанда жылдам өсіп келе жатқан стартаптардың бірі. 1 абонемент алып, Қазақстанның 10 қаласында орналасқан серіктес спорт-залдарының кез келгеніне кез келген уақытта баруға мүмкіндік беретін қызмет. Осы ретте, 1fit негізін қалаушылардың бірі Асқар Ақшабаевпен кездесіп, кезінде бес жігіт қосылып ашқан стартаптың бүгінде жетістікке жету құпиясын сұрап-білуге тырыстық. !!! Эпизод соңында байқау бар! Дедлайн - 31 желтоқсан
    Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94

    Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/1Fit инстаграмдары - https://www.instagram.com/1fit.qaz/https://www.instagram.com/1fit.app/OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

  • Бұл эпизодты "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық кампаниясына орай жасағым келіп кетті.

    Соңғы жылдары физикалық зорлық-зомбылық туралы көп айтылып, жазылып жүргендіктен біз негізгі акцентті психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа қойғымыз келген. Алайда мамандар да, медиадағы материалдар мен жан түршіктірер статистикалар да бізді еріксіз физикалық зорлық-зомбылық тақырыбына алып келе берді. Zertteu Research қорының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы мемлекет үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу үшін 4,5 млрд теңге жұмсапты. Мамыр айынан бастап қылмыстық кодексте осы мәселе бойынша өзгеріс енгізілді. Бірақ жағдай неге жақсармай жатыр? Мәселе зорлық-зомбылыққа душар болатын әйелдердің өзінде ме немесе қоғамның немқұрайлы көзқарасында ма, әлде заңның әлсіздігінде ме? Осы тақырыпты тарқату үшін әңгімеге мамандарды тарттық.Шығарылым сарапшылары:1. Шолпан Әйтенова, Zertteu Research қорының құрылтайшысы2. Әсел Саду, психолог 3. Дилара Иса, журналист
    Эпизодтағы мәлімет менің "Тасадағы әйелдер" жобамнан алынды. Егер YouTube-форматта көргіңіз келсе, онда мына сілтемеге өтіңіздер.

  • OY-DETOX қонағы - танымал интервьюер Тимур Балымбетов.

    Тимур өз шығарылымдарында зорлық-зомбылық тақырыбын жиі көтеретін замандастарымыздың бірі. Осы ретте, біз Тимурмен қазір қоғамда үлкен дискуссия тудырған тақырып - Салтанаттың өлімі, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың өршуі, бұған ер-азаматтардың позициясы мен әлеуметтік желідегі тараптар қақтығысы мен хайп туралы сөйлестік.

    Сондай-ақ, Тимур мемлекеттік тапсырыс пен цензура туралы өз ойын ортаға салып, сұхбатқа дайындалу, қонақтарды сүзгіден өткізу, оларды ашудағы әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

    Эпизодты барлық подкаст платформаларынан тыңдап, YouTube арнамнан тамашалай аласыздар!

    Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/

    Тимурдың YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@balymbetov

    OY-DETOX-ты қолдау:

    Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

  • С украинской художницей и культурологиней Мариам Найем я познакомилась в Праге, на конференции Unlock. Прослушав ее презентацию на тему Let's talk about Volya, я сразу же решила с ней записать эпизод своего подкаста. Она меня безумно впечатлила и тронула, а каждое ее слово, сказанное с большой сцены вызывало во мне бурю эмоций.

    Мы поговорили о роли родного языка в деколонизации, войне, русском мире и информационном поле, либеральных СМИ и о себе.

    Таймкоды:

    00:00 - приветствие

    01:27 - о презентации Let's talk about Volya

    02:47 - когда появилась дилемма на каком языке говорить?

    09:38 - что такое деколонизация?

    12:25 - есть ли коллективная ответственность?

    13:41 - о социальном конструировании реальности и русском империализме

    18:47 - методы влияния пропаганды: о сериалах "Папины дочки", "Ранетки" и "Кадеты"

    23:05 - как же все таки деколонизироваться?

    26:32 - можно ли работать со злостью?

    29:52 - нужно ли продолжать говорить, когда тебя не слышат?

    37:27 - либеральные медиа, альтернативная информация и суть империализма

    Инстаграм Мариам Найем - https://www.instagram.com/mariaaamnaiem/

    Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/

    Благодарю команду https://www.instagram.com/bashtan_bashta/ за съемку

  • Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім.

    Эпизодты YouTube арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп, таңдағаннан гөрі оқығанды қаласаңыз, әңгімеміздің бір парасын Forbes.kz сайтынан таба аласыздар!


    Таймкод

    00:00 - кіріспе

    01:04 - эпизод қонақтары режиссері Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілдамен таныстыру

    04:05 - мемлекеттік тапсырыс, «Хабар», Qazaqstan арналарымен жұмыс істеу барысы, ішкі цензура мен ұлттық идеология

    09:00 - «Міржақып. Оян, Қазақ» сериалының туу барысы, актриса Зарина Кармен мен аудио-визуал ұрпақ

    11:06 - Ғайнижамал образы неге ашылмады?

    15:02 - Гүлнар Міржақыпқызы, Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апай мен патриархал құндылықтардың сарқыншағы

    19:55 - тәуелсіздік үшін күрес, автономия, Алаш зиялылары мен тарихи шындық

    29:57 - Алаш зиялыларының ұрпағы болу қандай? Самырат Кәкішев, Айман Байсалова, Гүлнар Міржақыпқызы

    35:37 - бүгінде кіммен сұхбаттасып қалған дұрыс деп ойлайсыздар?

    39:30 - Бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері, Таңшолпан бағдарламасы, продюсер айлығы

    40:30 - отбасылық Dream Project пен болашақ жоспарлары

    48:09 - Мұрат пен Айсәуле үйде не үшін ұрысады?

    01:08:08 - кино нарығы, комедия түсіру ойлары мен өзіңді-өзің мақтауға қысылу синдромы

    "Міржақып. Оян, қазақ" сериалын көру - https://www.youtube.com/watch?v=Itv4FFNKG_c

    Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/

    OY-DETOX-ты қолдау:Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainelKaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

    Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

  • OY-DETOX қонағы - дінтанушы Асылтай Тасболат. Біз дінтану ғылымы, ислам құқығы, орамал дауы мен исламдағы әйел орны туралы сөйлестік.

    - Дінтанушы деген кім?

    - Қазіргі ислам ақыл-ойы дегеніміз не?

    - Исламда әйелдің орны қандай?

    - Ислам модернизмі дегеніміз не?

    - Бүгінгі орамал дауының себебі қандай? Осы және өзге да сұрақтарға жауапты эпизодтан таба аласыздар.

    Асылтай Тасболаттың Инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/assyltay_tasbolat/

    TEDxAstana-дағы сөзі - https://www.youtube.com/watch?v=ZcZ1H4lMofs

    Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

  • Түрлі салада бой көрсетіп, маңызды қызметке араласып жатқан әйелдерді табуға болады. Десек те, билікте, шешім қабылдау құрылымдарында әйелдердің үлес салмағы аз. Оның себебі не? Саясатта әйелдердің аз болуына біздің менталитет, тәрбие, салт-дәстүрдің әсері бар ма? Әлде тасада қалу әйелдердің өз шешімі ме? Осы туралы "Тасадағы әйелдер" жобасы аясында дайындалған "Әйел және саясат" шығарылымында ой тарқатып, мәселенің мән-жайын түсінуге тырысып көрейік.Тасадағы әйелдер - OY-DETOX арнасында айына бір рет Internews Kazakhstan қорының қолдауымен шығып тұратын арнайы жоба. Жобаға Әйнел Әмірханның бірнеше жыл бұрын оқыған британдық журналист Кэролайн Криадо Перестің «Invisible Women: Exposing Data Bias in a World Designed for Men» ( Көзге көрінбейтін әйелдер. Неге біз еркектерге ғана ыңғайлы әлемде өмір сүреміз) атты гендерлік мәліметтерге негізделген кітабы арқау болды.

  • #ӘйнелӘмірхан #OYDETOX #АлияАхметова #женскийбизнес Второй эпизод OY-DETOX на русском языке с Алией Ахметовой, основательницей отечественного бренда Hey, Baby. Мы поговорили - о великих казахстанских женщинах и о том, почему мы так мало о них знаем;- о том, что значит быть мамой сегодня;- о женском и мужском бизнесе;- о важности женской поддержки и о многом другом.Инстаграм Алии - https://www.instagram.com/_aliya_akhmetova/Инстаграм бренда Hey, Baby - https://www.instagram.com/heybaby.kz/ смотрите эпизод на моем YouTube-канале и слушайте на всех подкаст платформах.Данный эпизод стал возможным благодаря помощи американского народа, оказанной через Агентство США по международному развитию (USAID) и было подготовлено OY-DETOX в рамках Центральноазиатской программы MediaCAMP, реализуемой Internews при финансовой поддержке USAID. Команда OY-DETOX несет ответственность за его содержание, которое не обязательно отражает позицию USAID, или Правительства США, или Internews.

  • OY-DETOX қонағы - коуч, инфобизнесвумен Роза Әшірбаева. Біз Розамен инфобизнес, инстаграм этика, инстаграмда ақша табу мүмкіндігі, әйел құқығы, қаржы пирамидасы мен қоғамның негізгі проблемасы туралы сөйлестік.   

    Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ 

     Роза Әшірбаеваның инстаграмы - https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/  

    Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. YouTube сілтемесі - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw

    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

  • 2023 жылдың алғашқы эпизодын өте маңызды тақырыптардың бірі - білім беру саласына арнап отырмыз. Мен Teach For Qazaqstan қорының басшысы Гүлнара Салменмен білімдегі теңсіздік, балалар кедейлігі ұғымы және Teach For All, Teach For Qazaqstan бастамаларының пайдасы туралы сөйлестім.

    Сондай-ақ, Гүлнар ұстаздарға, педагогика факультетінің соңғы курс студенттері мен магистрантарына, басқа салада істейтін, бірақ ұстаз болуды армандап жүрген барлық жанға арналған байқау туралы айтып берді.

    Егер:

    - қазір сіз мұғалім болып жұмыс істеп, бірақ жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жүрсеңіз,

    - педагогика мамандығы бойынша оқып жүрген 4 курс студенті болсаңыз,

    - басқа салада істеп, бірақ осы уақытқа дейін мұғалім болуды армандап жүрген жан болсаңыз,

    онда 15 ақпанға дейін жалғасатын байқауға сұранымды толтырып жіберіңіз! Толық ақпаратты эпизодтан және Teach For Qazaqstan парақшасынан таба аласыздар! Ал сұранымды мына жерден жүктей аласыздар. 

    Teach For Kazakhstan - Teach For All жаһандық қозғалысының бөлігі. Бүгінде жоба 60 елде жұмыс істейді. Teach For Qazaqstan мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларға сапалы білім алуға көмектесу, білімдегі теңсіздікті жою.

    Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме - https://youtu.be/E4oyWs9My5k

    OY-DETOX-ты қолдау:

    Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар! 

  • Карима Мәлік - 20 жасында 35 мемлекетте болып үлгерді. Оның бәрі тиімді жоспаулардың арқасы дейді өзі. Бүгінде өзі меңгерген тиімді саяхаттың қыр-сырымен өзгелермен де бөлісуде. Біз Каримамен қаржылық сауаттылық, арзан саяхат жолдары, алғашқы миллион, қазақ тілі мен ұлттық код туралы сөйлестік. 

    OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 

    Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме - https://youtu.be/wGMxI0ca_SI

    Кариманың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/toop_tiip/

  • Әйгерім Бегімбет - санаулы фотожурналист қыздардың бірі. Фотоаппаратын арқалап ауыл-ауылды аралап, еңбек адамының өмірін көрсетуден жалықпайды. Әйгеріммен Түркістан төрінде кездесіп, фотожурналистика, Үркер сыйлығы, ауыл өмірі мен еңбек адамы туралы сөйлестік.

    - фотожурналистика дегеніміз не? 

    - кейіпкерлерді қайдан табуға болады? 

    - фрилансер-журналистің табысы бар ма? 

    - Үркер сыйлығы не үшін берілді?  

    осы және өзге сұрақтар аясында өрбіген әңгімені тыңдаңыздар!     

    OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 

    Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. Сілтеме - https://youtu.be/5yhxnptdwLI

     Эпизодты жазуға мүмкіндік берген Түркістан музыкалық драма театрына алғыс білдіреміз. 

  • OY-DETOX қонағы - медиа және кино зерттеуші, журналист Молдияр Ергебековпен журналистік этика, гендерлік теңдік, мемлекеттік тапсырыс пен Дос-Мұқасан фильміндегі олқылық туралы сөйлестік.

    - Медиа этика дегеніміз не?

    - Мемлекеттік тапсырыстың пайдасы бар ма?

    - Қазақ тілі мен қазақ әйелінің тағдыры неге ұқсас?

    - OY-DETOX TALQY мен гендерлік теңдіктің байланысы қандай?

    - Құрманай Омарова деген кім?

    Осы және өзге де сұрақтар аясындағы ой-талқыны тамашалаңыздар!

    OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

    Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан көре аласыздар - https://youtu.be/niG6O195eXo

    Эпизодты жазуға мүмкіндік берген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасына алғыс білдіремін https://ayu.edu.kz/about/history