Episoder
-
Жаңа жыл, жаңа маусым, жаңа эпизод құтты болсын, құрметті тыңдарман!
2-маусымның алғашқы эпизодында Дина әже орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуы, Қазақстанда пайда болған жаңа ауылдар және оның Ириновка, Оксаковка, Благодарное, Благодатное аталуы, жергілікті қазақтар мен орыстар арасында пайда болған кикілжіңдер және өзі туып-өскен Қылыш руының адамдары туралы айтады. Әңгіменің жалғасы келесі эпизодта :) Әзірге алғашқы эпизодты тыңдап, бізді әлеуметтік желіде қолдап отырыңыздар.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбекке, журналист Айгерім Амалбек пен Абылайхан Өмірбаевқа жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected] WhatsApp: +77756507327; +905065960569 https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/ https://www.instagram.com/mara_zho/
-
Cәлем, тыңдарман! «Әжемнің әңгімесі» подкастының 2-маусымына қош келдіңіз! Араға 1,5 жыл салып жаңа эпизод жазуға себеп болдыңыздар, рақмет) Қалай дейсіз бе? Былай...
Жақын адамымның дауысын, естелігін жазып сақтау мақсатында басталған жоба сіздерге қызық болады, танымал болады деп ойламаған едім. "Әжемнің әңгімесі" қазақтілді аудиторияға танылып, жазғы демалыста Қазақстанға барғанда подкастер ретінде түрлі шараға шақырып, жаңа эпизод қашан болады деп сұрағандар көп болды. Әжеме айтып едім, бірден қолдады. Спойлер: жаңа маусымда әжем екеумізден басқа жаңа кейіпкерлердің де дауысын ести аласыз)
Ал жаңа маусымда әже(лер)мен соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген жаңа тақырыптар туралы сөйлесеміз. Дайын болсаңыз, әжемнің жаңа әңгімелерін бірге тыңдайық.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбекке, журналист Айгерім Амалбек пен Абылайхан Өмірбаевқа жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected] WhatsApp: +77756507327; +905065960569 https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/ https://www.instagram.com/mara_zho/ -
Manglende episoder?
-
Бұл эпизод өте ерекше әрі әсерлі. Себебі мұнда бала асырап алу туралы айтылады.
Дина әже 18 жасында 9 жасар қызды қалай асырап алды? Қазақша бірауыз білмейтін кішкентай жетім қызбен қалай тіл табысты? Әкесі Қойшыбай неге 80 жасқа келгенде қайта үйленді?Осы оқиғалар қызық болса, толығырақ білгіңіз келсе, әженің әңгімесін бірге тыңдайық!
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected] WhatsApp: +77756507327; +905528990569 https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/ https://www.instagram.com/mara_zho/ -
Жемқорлық қазақ халқында бұрыннан бар ма? Ол қашан, қалай пайда болды? Күнделікті өмірде жемқорлықтың қандай оқиғасымен жиі ұшырасамыз? Журналистер, БАҚ жемқорлық туралы жазып жүр ме?
Бүгінгі эпизодта Дина әже тарихшы ретінде түрлі тарихи кезеңдегі қоғамның бейнесін әңгіме, оқиға арқылы баяндап береді. Егер сізге бұл тақырып қызық болса, әженің әңгімесін бірге тыңдайық!
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/
-
"Қашықтан оқу мен сырттай оқу. Сапалы білім алу үшін не істеу керек?" атты эпизодта Дина әжемен қашықтан оқу туралы әңгімелесеміз.
Қашықтан оқуға ұқсас оқу жүйесі бұрын болған ба? Дина әже немерелеріне қашықтан оқу кезінде қалай көмек көрсетті? Онлайн оқу білім сапасына қалай әсер етеді? Пандемия кезінде сапалы білімге қол жеткізу үшін не істеу керек?Бүгінгі эпизодта осы сұрақтарға жауап беріп, Дина әже өзінің қырық жылдық ұстаздық тәжірибесімен бөліседі.
Олай болса, әженің әңгімесін бірге тыңдайық!
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіремізЭпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/
-
Бұл эпизодта Дина әже феминизм, еркек пен әйелдің теңдігі туралы сөз қозғайды. Үш ұрпақтың сабақтастығы арқылы гендерлік теңдіктің қазақ қоғамында қалай көрініс тапқанын баяндайды.
Эпизодта:
16 жасында 47 бас қалыңмалға сатылған Таңсық әженің тағдыры, оның 20 баланы өмірге әкелуі баяндалады. Өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққан Дина әженің анасы Күлімханның оқиғасы айтылады. Дина әже КСРО кезінде қалай отбасын құрғаны туралы әңгімелеп, қазіргі жастардың арасындағы түсініспеушілік пен теңсіздік неден болып жатқанына болжам жасайды.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/
-
Дина әже бұл эпизодта ертеде қазақ даласында болған жұқпалы аурулар және онымен күресу жолы туралы айтады.
Бұрын оба, сүзектен есік ашатын адам қалмай, бір ауыл түгел қырылып қалғанда, қазақ халқы жұқпалы ауруларды қалай жеңіп шыққан? Коронавирус Дина әженің өміріне қалай әсер етті? COVID-19 туралы мифтер қалай пайда болады? Қазақстанның вируспен дұрыс күресіп жатыр ма?Бұл эпизодта осы сұрақтарға жауап таба аласыз.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/
-
3-эпизодта Дина әже әкесінің Кузбастан оралған сәтін баяндайды.
Әкесі көзінен басқа жерінің бәрін қотыр басқан жыланкөз ауруынан қалай жазылды? Соғыстан кейінгі жылдары жергілікті халық қалай тұрмыс кешті? Бір киім сатып алу үшін қанша еңбеккүн керек?Бүгінгі эпизодта осы сұрақтарға жауап таба аласыз.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/
-
"Әжемнің әңгімесі" подкастының 2-эпизодында Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткендер туралы айтылады.
*Кузбастағы қазақ қыздары неге үш күннің ішінде ізім-ғайым жоғалып кетті?
*Товарный пойызға тиелген қазақтар қандай қиындықпен қызмет етті?
*Қызметтен қашып кеткендер қудалауға ұшырады ма, қалай тірі қалды?
Эпизодта осы сұрақтарға жауап беретін оқиғалар туралы тыңдай аласыз. Сондай-ақ, бұл эпизодта соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігі баяндалады.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/
-
1-эпизодта Дина әже қандай заманда өмірге келгенін айтады. Біз жыл сайын туған күнімізді асыға күтіп, дүркіретіп тойлаймыз. Ал менің әжем өзінің нақты қай күні туғанын білмейді. Оның замандастары да "Алғашқы қар түскенде, бидай піскенде, күн жауған күні" деген белгісіз күннің бірінде туған.
Әжемнің айтуынша, 7-8 ағайынды болыпты. Қанша аға-әпкесі болғанын нақты білмейді. Себебі әжеме дейінгі балалардың бәрі өле беріпті. Тек әжеден кейін туған Ділдаш пен Айтқазы (інісі мен сіңлі) ғана есінде. Бірақ әжем есін енді біле бастағанда екеуі де қызылшадан қайтыс болған. Сөйтіп, Дина әже бір әулеттен жалғыз тұяқ боп қалған. Дина әже қалай тірі қалды? Соғыс жылдары қазақтар қалай өмір сүрді? Толығырақ эпизодтан тыңдай аласыз.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/
-
Сәлем, достар! "Әжемнің әңгімесі" подкастына қош келдіңіз! Мұнда өткен тарих, бүгінгі өмір мен болашаққа болжам айтылады. Үш шақтан да үмітті 80 жастағы Дина әже маңызды тарихи кезеңде қалай өмір сүргенін баяндайды.
"Әжемнің әңгімесін" кім, не үшін тыңдауы керек? Сіздің ата-әжеңіз бар ма? Оның ертегісін, әңгімесін, кеңесін тыңдап өстіңіз бе? Егер ата-әжеңізді көрмеген болсаңыз, менің әжемнің әңгімесі бәріне ортақ. Себебі ол сіздің ата-әжеңіздің замандасы, бір қоғамда, бір тарихи кезеңде өмір сүрген.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды. "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Подкаст көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.