Episoder
-
Бұл эпизодта біз ерекше балалардың шексіз мүмкіндіктерін көрсеткен ерекше оқиғамен танысамыз. Қазақстандағы Даун синдромы бар балалар өнерге құштарлықтарының арқасында инклюзивті театр құрып, үлкен сахнаға шықты. Театр әртістері тек Қазақстанның емес, әлемнің назарын өздеріне аударды.
Бұл эпизодта инклюзивті театрдың құрылу тарихы, оның артында тұрған керемет жандардың еңбегі, қойылымдардың қалай дайындалғаны және шетелдік көрермендерге қалай әсер еткені жайлы әңгімелейміз. Сонымен бірге, маманның көмегімен Даун синдромы туралы жиі айтылатын стереотиптерді талқылаймыз.
🎭 Қалайша ерекше балалардың таланты қоғамның көзқарасын өзгертті?
🌍 Театрдың халықаралық деңгейге шығуына не себеп болды?
💡 Даун синдромы бар балалар туралы біз нені дұрыс түсінбей жүрміз?Бұл сұрақтардың жауабын "Мүмкіндік" подкасының жаңа эпизодынан тыңдаңыз!
-
Бұл эпизодта біз ерекше баланың анасы Мәншүк Жәлелқызының шынайы әрі әсерлі оқиғасын тыңдаймыз. Ол аутизмі бар ұлы Русланға диагноз қойылған сәттен бастап, оны қалай қабылдағанын және баласына қалай білім беріп, өмір жолына бағыттағанын әңгімелейді.
Мәншүк ханым Русланның мектепте кездескен қиындықтары, әлеуметтік ортаға бейімделуі және оны аспаздықты таңдауға қалай жетелегені туралы айтады. Сондай-ақ, отбасының Русланның болашағы үшін Түркияға көшуі мен жаңа өмірге бейімделу оқиғасы да ерекше әсер қалдырады.
Бұл эпизод тек қиындықтарды жеңу туралы емес, ана махаббатының шексіз күші мен ерекше балалардың шексіз мүмкіндігі туралы.
-
Manglende episoder?
-
Mumkindik podcast 2-эпизоды Қызылорда қаласында жазылды. Бұл эпизодта жеті баланың анасы, "Алтын алқа" иегері, екі ерекше бала өсіріп отырған Сандуғаш Әкімбекқызымен әңгімелесеміз. Көпбалалы ана ерекше диагнозы бар кенже ұлы мен қызын қалай өмірге әкелгені, дәрігерлер "балаңыз адам болмайды", "балаңыздан бас тартыңыз" дегенде қандай күйде болғаны және екі баласын қалай аяққа тұрғызғаны туралы айтып берді.
-
Сәлем, тыңдарман!Mumkindik podcast алғашқы эпизодында «Армандар орындалады», «Сен ерекшесің»әлеуметтік жобаларының авторы, ерекше баланың анасы және ерекше балаларға орыстілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін түркістандық Әсел Бимырзаеваменәңгімелесеміз. Бұл эпизодта ерекше баласы бар отбасындағы ең адамның рөлі,ерекше балалардың ерекше армандары және оны орындауға көмектесетін адамдартуралы айтылады. Орындалмайтын армандар, қоғамдағы көзқарас, еріктілер туралы дасөз қозғаймыз.