Episodes
-
"Жаншипа" психологиялық подкастының 32-эпизодында адамның адамға эмоциялық тәуелділігі жайлы сөз қозғадық. Мұны психологтар эмоцияналды тәуелділік, cоотәуелділік, қоса тәуелділік деп жатады. Бұл қандай тәуелділік? Бұған не себеп? Эмоцияналды тәуелділік адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл сұрақтарға психоанализ бағытындағы психолог Назипа Жанәділқызы жауап берді.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 31-эпизодында ұят сезімі туралы сөз қозғадық. Адам бойындағы ұят сезімінің шектен тыс болуына не себеп? Ұят сезімін қалай еңсереміз? Неден шын ұялып, неден ұялмау керек?
Бұл сұрақтарға ұят сезімін зерттеп жүрген психоанализ бағытындағы психолог Мейіргүл Бимағамбетова жауап берді. -
Missing episodes?
-
Балаға жыныстық тәрбиені қалай береміз? Жыныстық тәрбиенің маңызы қандай? Ересектер баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесу керек? Балаға жыныстық қатынас туралы қалай түсіндіреміз. "Жаншипа" психологиялық подкастының 30-эпизодында кәсіби психолог Әсем Байбасаровамен баланың жыныстық сауаттылығы тақырыбын талқыладық.
-
Бойымызда энергия таусылғанда не істейміз? Энергия мен ресурсты қалай жинаймыз? Энергия мен ресурстың маңызы неде? "Жаншипа" психологиялық подкастының 29-эпизодында практик психолог Шапағат Есжанмен адамның энергиясы және ресурсы тақырыбын талқыладық.
-
"Жаншипа" подкастының бұл эпизодының қонағы – бір шаңырақтың ұлы, сүйікті жар, бала тәрбиелеп отырған әке, журналист Марғұлан Ақан. Марғұланның анасына қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бірнеше жылдан бері анасын емдетіп, жақында анасының қатерлі ісікпен күресі жайлы "Үміт" деген кітап жазып шығарды. Марғұланмен жақыныңа қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейінгі күрес пен өмір жайлы әңгіме өрбіттік.
-
Негативті ойлар қайдан пайда болады? Негативті ойларды қалай азайтамыз? Теріс ойлар өмірімізге қалай әсер етеді? "Жаншипа" психологиялық подкастының 27-эпизодында халықаралық коуч, "Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт" кітабының авторы Кәмшат Бекжігітовамен негативті ойлар деген тақырыпты талқыладық.
-
"Жаншипа" психологиялық подкастының 26-эпизодында дисфункционалды отбасы туралы сөз қозғадық. Дисфункционалды отбасы деген не? Мұндай отбасынан шыққан балалар есейгенде қандай мәселелерге тап болады және бұл мәселелерді қалай шешеді? Дисфункционалды отбасыны ұйыған жақсы отбасыға айналдыру мүмкін бе? Міне, эпизодта осы және басқа да сауалдарға психология ғылымдарының магистрі Салтанат Саду жауап берді.
-
"Жаншипа" психологиялық подкастының 25-эпизодында смартфонға, гаджетке тәуелділік туралы сөз қозғадық. Кейінгі кезде біздің подкасты тыңдаған бірнеше адам "смартфонға тәуелдімін, күніне орта есеппен жеті сағаттай телефонға кетеді. Көзім құрғай бастады, бұдан қалай құтыламын?" деп жазды. Сондықтан смартфон, гаджетке тәуелділік тақырыбын қозғауды жөн көрдік. Смартфонға тәуелділіктің себебі неде? Адам бұл тәуелділіктен қалай шыға алады? Бұл сауалдарға "Цифрлық тәуелділік" кітабының авторы, психолог Самал Самарқанқызы жауап берді.
-
"Жаншипа" психологиялық подкастының 24-эпизодында абьюз қарым-қатынас тақыбырын талқыладық. Абьюзер деген кім? Нарцисс деген кім? Абьюз қарым-қатынас деген не? Неге адам абьюз қарым-қатынасты бейсаналы түрде бастап кетеді? Бұл қарым-қатынастан қалай шығамыз? Абьюз бен нарцисс адамды қалай танимыз? Бұл сауалдарға психолог Іңкәр Алиевамен бірге жауап іздедік.
-
"Жаншипа" психологиялық подкастының 23-эпизодында невроз және невроздың салдары жайлы талқыладық. Неврозға не себеп? Невроздың алдын алуға бола ма? Невроздың адам денсаулығына әсері қандай? Неврозды қалай емдейді? Осы сауалдарға психотерапевт-дәрігер, клиникалық психолог Абылайхан Рысдәулет жауап берді.
-
"Жаншипаның" осыған дейінгі эпизодтарында психолог мамандар "көп мәселенің шешімі психолог өткізетін терапияда, бұл мәселені шешу үшін психологқа бару керек" дегенді жиі айтқан еді. Сондықтан бұл эпизодта психологқа барып жүрген Арайлым Нұрланқызы мен "Жаншипа" авторы Руслан Меделбек психотерапия өмірлеріне қалай әсер еткенін талқылады.
-
"Жаншипа" психологиялық подкастының 21-эпизодында бала психологиясын, бала психикасын, баланың мінезінің ерекшеліктерін талқыладық. Баланы жазалау дұрыс па? 3-4 жастағы кризис кезінде ата-ана қалай әрекет еткені дұрыс? Баланың өтпелі кезеңін қалай еңсереміз? Осы сауалдарды балалар психологы Ақгүл Төлеуханқызымен талқыладық.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 20-эпизодында ата-анаға деген өкпе-реніш тақырыбын қозғадық. Әке-шешеге деген өкпе-реніш ересек өмірге қалай әсер етеді? Сол өкпе-ренішті қалай еңсереміз? Бала кезде ата-анадан көрмеген жылулықты есейгенде қайдан аламыз? Бұл сұрақтарға практик-психолог, гештальт-кеңесші Венера Елеу жауап берді.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 19-эпизодында өмірлік позиция және өмірлік сценарий деген тақырыпты талқыладық. Өмірлік позиция деген не? Адам өзінің өмірлік позициясын білгені қаншалықты маңызды? Өмірлік сценарийді өзгертуге бола ма? Бұл сұрақтарға транзактілі анализ бағытында жұмыс істейтін психолог Әсел Садумен жауап іздедік.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасында бала кезде сексуалды зорлық зомбылық көргендердің психологиялық мәселелерін, бала кезде зорлық-зомбылыққа тап болғандарға көмектесу жолдарын, балаларды сексуалды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқыладық. Бұл эпизодта психолог маман Әсем Байбасаровамен "зорлық-зомбылық көргендерге қалай көмектесеміз?", "зорлық-зомбылық көргендердің өмірге деген сенімін қалай қайтарамыз?", "зорлық көрген ер адамдарға қандай көмек көрсетеміз?" деген сауалдарға жауап іздедік. Бұдан бөлек "баланы педофилден сақтау үшін ата-аналар не істеу керек?" деген мәселені де қозғадық.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 17-эпизодында психологиялық тұрғыда есеймеген ата-ананың есейген балалары деген тақырыпта сөз қозғамақпыз. Бұл – өте ауыр әрі маңызды тақырып. Себебі бұл тақырып қазақ медиасында, интернет кеңістігінде көп айтыла бермейді. Яғни, психологиялық тұрғыда есеймеген ата-анадан тәрбие алған бала кейін есейгенде қандай мәселелерге тап болады? Дизфункциональды отбасыдан шыққан балалардың есейгендегі мәселелері қандай болады? Ата-анасы ішімдік ішкен балалар үлкейгенде тап болатын қиындықтар қандай? Бұл сауалдарға практик психолог Гүлзат Қанатпен жауап іздедік.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 16-эпизодында махаббат, екі адам арасындағы қарым-қатынас тақырыбын қозғап, қарым-қатынастың алғашқы этаптарынан үйленуге дейінгі кезеңді қамтыдық. Яғни, қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Үй болғанға дейінгі мәселелерді екі тарап қалай шешкені жөн? Екі ғашық жеке шекараларын қалай түзу керек? Жалпы тату-тәтті, дұрыс қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Бұл сауалдарға кәсіби психолог Әсел Исаханова жауап берді.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 15-эпизодында интернетке, әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесін талқыладық. Желіге тәуелділікті қалай жеңеміз? Бала интернетке тәуелді болса, ата-ана не істеу керек? Желіге тәуелділіктің белгілері қандай? Міне, бұл сұрақтарға 20 жылдан аса тәжірибесі бар психолог Алтыншаш Матаева жауап берді.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 14-эпизодында Ашаршылық, қуғын-сүргін, кәмпескелеу, соғыс, Совет Одағының саясаты қазақтың санасы мен психологиясына қалай әсер еткенін талқыладық. Подкасымыздың осыған дейінгі эпизодтарында психологтер "қазақ аштық, соғыс, қиындық көрген халық қой, сол оқиғаның бәрі қоғамның психикасына әсер етіп келе жатыр" дегенді жиі айтты. Сондықтан подкасымыздың бір эпизодын тарихи оқиғалардың қоғам психикасына әсері туралы тақырыпқа арнап отырмыз. Эпизод сарапшысы – сот-психологиялық сараптамасы, психикалық жаралар, экзистенциялық және топтық психотерапия бойынша маман, психолог және криминолог Нұргүл Молдабайқызы.
-
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 13-эпизодында практик психолог Әсел Садумен эмоциялық сауаттылық тақырыбын қозғадық. Эмоциялық сауаттылық деген не? Эмоциялық сауатымызды қалай ашамыз я қалай дамытамыз? Адам эмоциясын қалай таниды? Ашуды қалай қауіпсіз шығара аламыз? Міне, маманмен осы сауалдарға жауап іздедік. "Жаншипа" подкасының барлық эпизодын Youtube арнамыздан я Apple podcasts, Google podcasts платформаларынан да тыңдай аласыз. Іздеу жүйесіне "Жаншипа" деп терсеңіз, шығады.
- Show more