Episodes
-
№3 OyLab: Ғылымды насихаттаушы әйелдер
Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ғылымдағы әйелдердің рөлі мен олардың жазған кітаптары туралы айтады. Бұл эпизодта Мария Кюриден бастап қазіргі заманғы зерттеуші әйелдерге дейінгі ғылымдағы әйелдердің үлесі мен олардың зерттеулерінің маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми жетістіктерді кеңінен таныту үшін не істеу керектігі туралы ой қозғайды.
Егер сіз ғылым, зерттеу, гендерлік теңдік тақырыптарына қызығатын болсаңыз, осы эпизодты көріңіздер, тыңдаңыздар!
-
№2 OyLab: Полигон - айтылмай қалған естеліктер
Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ядролық сынақ пен радиацияның әсері мен тигізген зардабы туралы жазылған кітаптарды талқылайды.
Шығарылым көрермендерден келіп түскен сұрақтарға жауап беруден басталады.
Жалпы OyLab жүргізушілердің кітап оқу барысында алған әсері, уайымы мен сезімдері, туындаған сұрақтарға жауап іздеуі, өзіндік сараптамасы мен бағалауынан тұрады.
-
Missing episodes?
-
№1 OyLab: Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Подкаст эпизодында Әйнел және Бақытгүл осы уақыт аралығында шыққан кітаптарды талқылайды.
Қаңтар туралы шыққан барлық кітапқа сенуге бола ма? Қандай кітаптарды оқыған жөн? Жалпы бұл кітаптар кімге арналған? осы және өзге де сұрақтардың жауабын шығарылымнан таба аласыздар.
OY-DETOX арнасында журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова айына бір рет кездесіп зерттеулерге негізделген, ғылыми-танымдық кітаптарды талқылайды.
-
Ғарифолла Есімов “Хакім Абай” 2-бөлім “Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ”
-
Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім “Көп кітап келді Алладан, оның төрті…”, “Осы жұрт Ескендірді біле ме екен” өлеңдеріне талдау жасайды. Нақтысы осы бір шумкқты жан-жақты қарастырады
-
Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім: “Махаббатпен жаратқан адамзатты”, “Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ”, “Осы үш сүю болады имани гүл” деген жолдарды түсіндіреді, махаббат философиясын, тақуалық, мұң, тылсым түсініктерін жан-жақты қарастырады.
-
1001 kitap: #45 Түркістан подкасты: неге кітап оқу керек?
-
1001 kitap: #42 Подкаст жаса кітабын және подкаст түрлері мен ерекшелігін сипаттау, журналистика және коммуникация қысқы мектебіндегі шеберлік сабақ барысында жасалған топтық жұмыс, студенттердің ойлары ұсынылады
-
Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім Анахарсистен Абайға дейін (5): бұл үзіндіде Абай туралы сөз жалғасады. Сонымен бірге ағартушылық түсінігіне көп тоқталады, оның түрлерін сипаттайды.
-
Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім Анахарсистен Абайға дейін (4): бұл бөлікте Абай, оның философиясы туралы сөз қозғалады.
-
Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім (3): бұл эпизодтта әңгіме Жүсіп Баласағұни мен Ахмед Яссауи туралы болады. Автор олардың арасындағы рухани сабақтастықты, түркі мәдениетінің өкілдері екенін айтады.
-
Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім (2): бұл үзіндіде Иоллығтегін туралы айтылады.
-
Ғарифолла Есімов “Хакім Абай” 1-бөлім Анахарсистен Абайға дейін (1): Абайдың дүниетанымын саралауға арналған кітаптың мазмұнын тыңдаңыздар.
-
2018 жылы әдебиеттен Нобель сыйлығы неге берілмеді? Сыйлықты алу үшін жазушы қандай болуы керек? Бұл сұраққа тікелей жауап болмаса да, себебін түсінуге мүмкіндігіңіз бар.
-
1001 kitap: Мұқағали Мақатаевтың туған күні 9 ақпан, бұл күні ақынның өлеңдері мен поэмаларын оқып, жасаған аудармаларын талдау, ерекшеліктерін табу маңызды. Әсіресе аудармалары маңызды, соның ішінде Дантенің “Құдіретті комедиясындағы” “Тамұқ” бөлімін аударғаны әдебиғтке қосқан зор үлесі.
-
Тіл, әр адамның ана тілі - өте маңызды. Тілді сақтап қалу, оны қолдану, ана тіліңде сөйлеу - күнделікті қажеттілік. Сюзанна өз күресін, өз жолын бастады. Сен де ана тіліңе құрмет көрсет!
-
Майкл Эрард “Полиглот феномені”: полиглоттар туралы қызық ақпарат, тіл үйренуге, көп тіл білуге итермелеп, зейініңізді агары сөзсіз
- Show more