Ай-Жур - журналистикаға алғаш қадам басқан Айнурдың жазбаларынан тұратын подкаст, нағыз жастарға арналған контент.
Әуелі өзімді таныстырып өтейін. Менің есімім - Айнур Анламасова. Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасымын.
2022 жылдың түлегімін. Журналистиканың қара шаңырағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студентімін.
Бұл подкасттан Айнурдың оқиғаларын, оқу жылындағы эмоциялары мен журфактағы өмірін тыңдай аласыздар. Подкастымда “Апталық эпизодтар”, “Сұхбат”, “Үнпарақ” деп аталатын 3 тұрақты айдар бар. Дарынды замандастарымнан, білікті мамандардан сұхбат аламын.