Folgen
-
Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы- зерттеуші, Берікбол Дукеев. Бұл эпизодта біз қонағымызбен жады саясаты және оның тарих оқулықтарымен қиылысы мәселелерін, жаһанданудың қарқынды жүруіне қарамастан адамның өз шығу тарихына деген қызығушылығы артуын, сондай-ақ қазақтан басқа этникалық топтардың тарихы, қандастардың тарихқа қосқан үлесі мен күнделік жазу әдеті жайында жан-жақты талқыладық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған. CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.
-
Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы – әлеуметтану ғылымының докторанты Алмаш Айқынбайқызы.Бұл эпизодта біз қонағымызбен «әлеуметтік жады» ұғымы, отбасы тарихының ғылымда зерттелуі мен фамилистика, қоғамдағы трансформациялардың отбасы тарихында көрініс табуы және oral history-дің мәні, сондай-ақ шежіренің бүгінгі таңда функциясының өзгеруі һәм қазақ қоғамында әулетке қатысты әлі де зерттелмеген жайттардың бар екендігі, травмалық тарихи оқиғалар мен билік тарапынан тыйым салынған табу тақырыптарға қайта оралу, тарихи оқиғаны зерттеуде объективті және субъективті көзқарастардың болуы, ұрпақтар арасындағы шиеленіс, әулет тарихын зерттеудің жолдары мен отбасылық альбомдардың маңызы секілді тақырыптарда ой бөлісіп, пікір алмастық. Сонымен қатар әулет тарихын зерттеу мемлекет үшін неге басты саяси бағдарлардың бірі болуы қажет екеніне де тоқталып, түйінді мәселелердің күрмеуін шешуге талпындық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған.CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.
-
Fehlende Folgen?
-
Назарыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар сериясын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонақтары әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Қисыбай және әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев.Бұл эпизодта біз әулет, отбасы ұғымдары, отбасы мүшелерінің өмірбаянын үйренудің әлеуметтік мағынасы, урбанизацияның отбасы институтына әсері, отбасы тарихы мен ресми тарихтың азаматтар тарапынан қабылдануы, әйелдердің отбасылық тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі секілді тақырыптарда әңгіме қозғадық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған.CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.
-
Бұл эпизода антрополог Индира, саясаттанушылар Арман және Жанель, модератор Динара Ресейдегі мобилизацияның Қазақстанға әсері, ресейліктердің Қазақстанға миграциясы, соның салдарынан туындаған қоғамдағы мәселелерге өз рефлексиямызбен бөлісеміз.
Техникалық себептермен Жанельдің Мәскеуде тұрған жылдарындағы әсері мен Орта Азиялықтарға қатысты дискриминация жайлы, әрі ресейлік таныстарының басынан өткізіп жатқан оқиғалары туралы біраз ойлары эпизодқа кірмей қалды.
Кейбір тұстағы дыбыс сапасы үшін тыңдармандардан кешірім сұраймыз.
-
Эпизодтың қонағы SMM маман, Qazaqshazhaz қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, тіл белсендісі Жалғас Ертаймен Қазақстандағы тілдік активизм не үшін қажет туралы саясаттанушы Арман Әмір және антрополог Динара Әбділда пікір алмасты.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Эпизодтың қонағы: «Forbes Kazakhstan» қазақ нұсқасының бас редакторы, баспагер Бақытжан Бұқарбай.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Эпизодтың қонағы: SVET қоғамдық қорының жетекшісі Мөлдір Албан.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Еңбек, үй шаруашылығын жүргізу әйел не еркектің жұмысы болып бөлінеді ме? Төленбейтін жұмыс дегеніміз не? Не себептен еңбек бөлінісінде гендерлік теңдікті ұстану маңызды? Қазақстандағы гендерлік еңбек теңсіздігінің жағдайы қандай? Осы және басқа да маңызды сұрақтар туралы Ұлттық қазақ қыздар педагогикалық университетіндегі әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры, PhD доктор Айжан Салимжанова және гендерлік зерттеуші Ақбота Садуақасовамен талқыладық.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Дауыс беру – бүкіл демократиялық саяси жүйенің негізінде жатқан рәсім. Сондықтан дауыс беру қорытындыларын шығарудың «ашықтығын» және шынайылығын қамтамасыз ету – үлкен саяси маңызы бар міндет. Күлтөбенің осы эпизодында бұл міндетті абыроймен атқарып, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген тәуелсіз бақылаушы Ғалымжан Оразымбет пен Арайлым Назармен әңгіме өрбетеміз.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Осы эпизодта PhD доктор Ғалым Жүсіпбекпен «ұлттың құрылуы» ұғымы, Сталиннің ұлт тұжырымының қателіктері, Украинадағы соғыстың Қазақстан қоғамындағы «ұлт» түсінігін қайта қарастыруға ықпалы және азаматтыққа негізделген «саяси ұлт» құру не үшін маңызды екендігі туралы сөйлестік.
CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
-
«Қандас», «оралман» деген статустың заңдық күші ол адам азаматтық алғаннан кейін жойылса да, қоғамда әлеуметтік топқа айналып кетіп отыр. Тіпті ол отбасының Қазақтанда туылған балалары да «оралман» немесе «қандас» аталып кетеді. Сонда қандас деген өмір бойы өзіңмен бірге жүретін кімдік пе? Шетелден көшіп келген қазақтардың идентификациясы осы және басқа да сұрақтарды подкастымызда талқыладық. Эпизодтың қонағы https://www.instagram.com/izproject/ жобасының негізін қалаушы Бақытнұр Іңкәр.
CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
-
Күлтөбенің кезекті эпизодында Қазақстанда саяси сатира бар ма, өткір әзілдер қаншалықты сұранысқа ие? Тоқаев - тигр ма? Salem Social Media Қазақстандағы YouTube сегментің қалай өзгертті? «Саке» сериалы бүгінгі күннің сатирасы ма? Және басқа сұрақтарды шоумен Марат Оралғазин және стендапер Нұрмахан Мұқанұлымен талқылап көрдік.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Бұл эпизодта Қазақстандағы басты проблемалардың бірі - балалар кедейшілігі талқыланды. Біздің қонақтарымыз макроталдаушы Аякөз Ханетова және "Zertteu Research Institute" директоры Шолпан Айтенова балалар кедейшілігінің пайда болу себептері мен салдарын анықтап, оны қалай шешу жолдары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, бұл мәселені шешудегі қоғам мен мемлекеттің рөлін ашып берді.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Бұл шығарылымда біз белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім және әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен Назарбаев кезеңі қазақстандықтардың есінде қалай сақталады деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Сондай-ақ, эпизодта Қаңтар оқиғасынан кейінгі жүйе өзгерді ме, Тоқаев елдегі проблемаларды Назарбаевқа ысырып қойғысы келе ме, мемлекеттік пропаганда жылдар бойы қалыптастырып келген бірінші президенттің образы БАҚ беттерінде енді өзгеріске түсе ме деген тақырыптар қозғалды.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Бүгінгі шығарылымда антрополог, Ph.D кандидат, қазақ тойларын зерттеуші Динара Әбділда және халықаралық құқық магистрі, С.Демирел атындағы Университет оқытушысы Әйгерім Құсайынқызымен бірге қоғамдағы өзекті тақыптардың бірі «үйлену» туралы әңгіме өрбітіп, неке түрлерін, тоқал институтын, алып қашу мен ажырасуды да тілге тиек еттік.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық кімдік, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Қазақстандағы әртүрлі этникалық топ өкілдері өздерін кім деп санайды: «қазақтар» немесе «қазақстандықтар»? Ұлттық кімдікті іздеу үдерістері бар ма? 30 жылдың ішінде, Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық ортақтық қалай қалыптасты? Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айнала ала ма? Жастардың тілге деген көзқарасы қандай? Бұл бөлімде біз осы және басқа сұрақтарды Narxoz университетінің доценті Зульфия Имярова және PaperLab зерттеушісі, әлеуметтікк лингвист Анна Климченкомен талқылаймыз.
Несколько выпусков подкаста CoolTòbe будет посвящена теме национальной и этнической идентичности в Казахстане, процессу нациестроительства и вопросам идентификации. Эпизоды из этой серии реализуются при поддержке Norwegian Helsinki Committee в рамках проекта «Нациестроительство и формирование идентичности в Центральной Азии» центра политических решений.
Как идентифицируют себя разные этнические группы в Казахстане: «казахами» или «казахстанцами»? Наблюдаются ли поиск своей идентичности? Как формируется национальная идентичность в современном контексте Казахстана, после 30 лет независимости? Может ли казахский язык стать языком межэтнического общения? Какие отношения у молодежи к языкам? В этом эпизоде мы обсуждаем эти и другие вопросы с ассоциированным профессором университета Нархоз Зульфией Имяровой и исследовательницей центра PaperLab, социолингвисткой Анна Климченко.
Подкастта аталған еңбектерге сілтеме біздің YouTube каналдағы осы эпизодтың видео нұсқасынан таба аласыздар:
https://youtu.be/soatp3M5Lpk
-
Бұл эпизодта саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовпен соңғы бірнеше ай бойы Қазақстандағы басты саяси оқиға - Конституциялық реформаны талқылап көрдік. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді — реформа - деп, айтуға бола ма? Әлде, бұл халықты "Жаңа Қазақстан" орнап жатыр дегенге сендіру үшін жасалып жатқан саяси маневр ме? 5 маусымнан кейін қазақ халқы үшін не өзгереді, Тоқаевтың билігі шектеле ме және басқа да маңызды сұрақтарға жауап іздедік.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
-
Cooltóbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Осы тақырыптағы подкасттардың жүргізушісі антрополог Индира Алибаева.
Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Осы подкастта identity термині және қазақтардың түсінігіндегі “ұлт”, “этника” (ethnicity) ұғымын талқыладық. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның контекстінде елде тұратын этникалық азшылықтардың бейімделу амалдары туралы да сөз болды.
Подкасттың қонақтары PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы, саясаттанушы Камила Смагулова және KIMEP Университетіндегі Қытай және Орталық Азия зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Жадыра Кеңесбекпен жоғарыдағы тақырыпта ой қозғап көрдік.
Эпизодта аталған еңбектерге сілтемені біздің YouTube каналымыздан табасыздар: https://www.youtube.com/c/CPSKZ/about
-
Что такое авторитаризм? Является ли авторитаризм тормозом в развитии государства? Или же авторитаризм это не нечто плохое? Когда мы говорим авторитаризм, мы подразумеваем нечто негативное. Может быть это позитивное и он нужный режим, при котором государство может довольно быстро развиваться?
Гости подкаста профессор КИМЭП, факультет политологии и международного отношения Нурсейт Ниязбеков; 00:48 Исследовательница, политологиня, изучает авторитаризм в Центральной Азии и в странах южного Кавказа София Омарова дю Булей.
-
CoolTóbe (Күлтөбе) видео-подкастының №2 эпизодында Азаттық радиосының журналисі Асылхан Мамашұлы, әлеуметтік антрополог Индира Алибаева және саясаттанушы Арман Әмір Қазақстандағы этносаралық конфликтілер жайлы ой қозғайды.
- Mehr anzeigen